Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы
Мемлекет басшысы: "Жасанды интеллект саласындағы құзыреттерді қалыптастыру мектептен басталуы тиіс" "Экономиканы цифрлық ауқымды жаңғырту адами капиталды дамытуда жаңа талаптар қояды. Бұл жерде білімге ерекше рөл беріледі. "Келешек мектебі" ұлттық жобасы аясында жоспарланған 217 мектептің 150-і жұмыс істейді. Қалған мектептердің құрылысы үш ай ішінде аяқталуы керек. Цифрлық технологиялар жаһандық еңбек нарығын тез өзгертуде. Әлемде жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдылары бар мамандарға