

«Балалар кітапханасы » жобасы аясында балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың озық туындыларының бірі болып саналатын «Менің атым Қожа» повесін 6- сынып оқушыларымен талқыладық. Бұл қарапайым тілмен жазылған, шындықтан тұратын шығарма. Оқушылар берілген тапсырманы орындай отырып, белсенділік танытты.