№48 жалпы орта білім беретін мектебінде "Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы" атты онкүндік қорытынды » Средняя общеобразовательная школа № 48
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы бойынша білім бөлімінің
«№48 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(722) 231-92-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 231-92-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №48 жалпы орта білім беретін мектебінде "Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы" атты онкүндік қорытынды
11
февраль
2022

№48 жалпы орта білім беретін мектебінде "Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы" атты онкүндік қорытынды



Мектепте дәстүрлі іс-шаралардың бірі  - "Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы" атты онкүндік. Онкүндіктің ашылуы «Өзін-өзі тану - біздің әлеміміз» атаумен тақырыптық салтанатты жиын түрінде болды. Мектеп кітапханасында «Мейірім төгетін ана» «Өзін-өзі тану» бағдарламаның авторы  С.А Назарбаева туралы кітап көрмесі ұйымдастырылып, 1-11 сынып аралығындағы оқушылар қатысты. Кітапханашы Сапина Д.А  «Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы  С.А Назарбаева туралы мағлұмат беріп, өмірбаяны мен қоғамдық қызметтері туралы әңгімеледі. Мектептің өзін-өзі басқару ұйымының бастауымен "Жылы жүрек - жақсы тілек" сыныптар өзара бір біріне ашық хат жолдау эстафетасы өтті. Оқушылар бір біріне жүрекжарды тілектерін жолдап, белсенді қатысты. Бастауыш сыныптар оқушылары үшін  «Көңілді үзілістер» ұйымдастырылды. Ерекше белсенділік танытқан іс-шара -  «Нақыл сөздер қазынасы» деп аталып, 1-6 сыныптар арасында жүргізілді. Оқушылар мақал-мәтел, нақыл сөздер, дәйексөздер жинағы жасалды. Ең белсенді оқушылар марапатталды. Осы онкүндік аясында мектепте «Үздік оқушы –2022» жалпы мектептік акция өтіп, соңында байқау нәтижесінде жеңімпаздар анықталды. Жалпыадамзаттық құндылықтар насихаттау мақсатында 1-4 сынып оқушыларға "Адам болам десеңіз..." атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Жүлделі орындармен бірге номинация бойынша да марапаттаулар болды. 1-11 сынып оқушылардың эстетикалық талғамдарын дамыту мақсатында  "Мен бақытты баламын"  фотоколлаж тақырыпты ашатын фотосуреттерден  жасалды. Осы онкүндіктің негізгі және тиімді іс-шарасы ретінде «Жүрек жылуымен бөлісемін» атты қайырымдылық акциясы  өтті. 7-8 сыныптар оқушыларымен «Ізгілік әлемінде» тақырыбында дебат өткізіліп, белсенділік танытқа оқушылар марапатталды. Мектеп психологы Сатиева Е.А 9-11 сынып оқушыларына  «Өмірлік құндылықтар аукционы» тақырыбында дөңгелек үстел  ұйымдастырды. Апталықтың қорытындысы ретінде сыныптарда адамгершілік сабақтары өтті. Оқушылар жақсы әсерде болып, кері байланыс парақтарында өз пікірлерін білдірді. 














Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив