«Армысың, Әз Наурыз» » Средняя общеобразовательная школа № 48
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы бойынша білім бөлімінің
«№48 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(722) 231-92-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 231-92-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
март
2024

«Армысың, Әз Наурыз»

«№48 жалпы орта білім беретін мектебінде»  ұлтымыздың  мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын «Армысың, Әз Наурыз»  мерекелік іс шара болып, өз деңгейінде өтті.
    Іс шараның мақсаты : оқушыларға Наурыз жыл басы, ұлт мерекесі екендігін түсіндіру, Наурыз мерекесі қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесін ұлттық салт дәстүрін, тілін, дінін, әдет ғұрпын сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу болды.
    Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Бұл күні мектебіміздің ауласында Суықбастау кентінің тұрғындарына «Армысың, Әз Наурыз» мерекелік іс шараға шақырылып, бірге тамашалады. Мерекенің салтанатты ашылу рәсімін жасады. Семей қаласы әкімінің орынбасары Мукатаев Жаныбек Кайратович, Семей қаласы әкімдігінің бас инспекторы  Тлеуов Аскербек Сагатбекович, мектеп директоры Аменова  Панигуль Бекеновна барша қауымды атаулы мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. 
       Әуендете орындалған әндер, нақышына келтіріліп, би билеген оқушылар мерекенің ажарын ашты. Сыныптардың жас ерекшеліктеріне ойластыра жасалған жоспар бойынша әр сыныптың мерекені тойлатуы жоғары дәрежеде аталып өтті. 
        Тұсау кесу, аластау, Қыдыр атаның бата беру дәстүрлерін сахналық көрініс ретінде ұсынды. 
Мектептің ата-әжелері шығып бата түрлерін өскелең ұрпаққа айтты. «Шаңыраққа бата», «Той батасы», «Ақ жол батасы».
Ұлттық ойындар ойланатылды. Арқан тарту, күрес, қол күресі ойындарына қатысқан балалар қала әкімдігінен сыйлықтарын алды. «Алтыбақан» – қазақтың ұлттық ойыны. Алтыбақанда  жастар ән салып, айтысып, әзіл-оспақ, назды күлкісімен көпшілік болып көңіл көтеріп  ойын-сауықты көрсетті. 
Бастауыш, орта, жоғары сынып оқушылары жетекшілерімен мерекелік концерттік бағдарламаны салт дәстүрмен әдет ғұрпын байланыстыра отырып, ата-аналар, қонақтар, ұстаздарға тарту етті. Биылғы Наурыз мерекесі жоғары дәрежеде тойланып, есте қалды. Мереке құтты болсын!
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив