Семинар «Тәуекел тобындағы оқушылармен жұмыс»
29.03.24ж Білім бөлімі бекіткен жоспарына сәйкес «Тәуекел тобындағы оқушылармен жұмыс» атты қалалық семинарды біздің № 48 мектеппен №21 мектеп бірлесіп өткізді. Мақсаты: “Тәуекел тобы” оқушыларының шығу себептерін болжау, алдын-алу және болдырмау. Олардың әлеуметтік санасын қалыптастыру. Семинар бағдарламасында мектебіміздің психологы Сатиева Е.А. № 21 мектеп психологтарымен бірлесе сәлемдесу, көңіл-күй жаттығуын және де тимбилдинг ойының келген қонақтарға ойнатты.

Мақсаты: эмоционалдық көңіл-күйін көтеру, жағымды психологиялық ахуалын қалыптастыру.
«Тимбилдинг ойыны» тәуекел тобындағы балалармен жұмыстың жетістікке жету жолдары. Мақсаты: біртұтас команда моделін қалыптастыру, ұжымда жағымды әлеуметтік-психологиялық климат құру, ойын барысында жағымды атмосфера құру, бірін-бірі қолдау, өзара сенім қалыптастыру. Мұғалімдер үшін тимбилдинг ұйымдастырылды. resw

Сонымен қатар тәуекел тобындағы оқушылар арасында, қиын балалармен жұмыста өте сұранысқа ие ойын
Эмоциясын сыртқа шығару, бір бірімен қарым-қатынас орнату, өзгені тыңдай білуге үйрету.
«Тәуекел тобындағы оқушылармен жұмыс барысындағы сынып жетекшісі мен әлеуметтік педагогтың рөлі» атты шеберлік сағатын бастауыш сынып мұғалімі педагог-зерттеуші Кайырбекова И.Н., мектептің әлеуметтік педагогі Кабланбекова Г.Т. ұйымдастырды.



Дебат. Тақырыбы: "Жасөспірімдер арасындағы агрессивті мінез-құлық".
Дебат үйірмесінің оқушылары 8 "А" сынып оқушысы Тулеутай Айдана, 9 "А" сынып оқушылары Далелова Әмина, Есенгужинова Арайлым, Талғатқызы Аружан белсене қатысты. Тақырыбы: "Жасөспірімдер арасындағы агрессивті мінез-құлық".
Мақсаты: Агрессивті мінез-құлық туралы түсінік беру. Агрессия мен ашудан арылу қолайлы тәсілдерін өндіру, агрессивті мінез-құлықтың оң және теріс жағын ашып беру. Жасөспірімдер арасындағы қарым-қатынас (сенімділік білдіруі, қолдауы, үміт артуы) туралы түсініктер беру. Дебат үйірмесінің жетекшілері тарих пәнінің мұғалімдері Жандикеева С.А. және Иргизбаева С.К.


Концерттік номерлермен шыққан оқушылар 4 «А» сынып Болатбек Шырайлым “Көзімнің қарасы” әні, 9 «А» сынып Бейсенбай Көзнұр Джеймс Ласттың шығармасы “ Одинокий пастух” флейта аспабында, 5 «Ә» сынып Ренатова Мадина “Мен жайлы “ әні, “Ерке қыз“ әні Қызғалдақтар тобы 3 «А» сыныптан Есенқұл Балым, Шамильова Сезім, Хабидолла Қарақат, 2 «Ә» Капашова Дильназ, 4 «А» сынып Дулатұлы Нұрым "Қазақ елім байтағым “ әндерін айтып, өнерлерін көрсетті музыка жетекшісі Серікбаева А.Н.
Қорыта келе, мектепте қаншама оқушы болса соншама тағдыр. Бала кездерінен қиыншылық көріп келе жатқандар қаншама. Тәрбие отбасынан басталатын рас. Егер отбасы дұрыс тәрбие көрсете алмаса ол бала оны өсіп келе жатқан ортасынан мектептен, сыныптан, сынып жетекшісі, мұғалімнен алады. Абай Құнанбаевтің сөзі адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан. Ұстаз болу сыры мен мәнін білетін, ғажап қадірін сезінетін мұғалімдеріміз көп болсын. Балаға тәрбие беруде ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген ұрпақтарымыздың болашағы жарқын болсын.