27
апрель
2024
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы
Елімізде табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық акциясы өтуде. Акцияның басты мақсаты – қоршаған орта мен тұрғындар үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету, азаматтық жауапкершілікті арттыру, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және нығайту мақсатында құрылған қоғамдық игілікке ұқыптылықпен қарау қағидаттарын қалыптастыру.
Экологиялық науқанға мектеп директоры Аменова П.Б. бастаған мектебіміздің 5-11 сынып оқушылары мен сынып жетекшілер, мектебіміздің ардагер ұстаздары Ускенбаев Қ.Ш.,Тахирова М.Ж, Бейсембаева Т.А,Есмагамбетова Б.Е, Мамырбекова Н.Х. және Суық бұлақ кентінің белсенді тұрғындары қатысып, туған жерін, тұрған аумағын таза ұстауға үлес қосып, мектеп ауласына және осы аумақта орналасқан Әлихан Бөкейханов мешіт маңайына көшеттер отырғызылды. Сонымен қатар Жасыл желектерді баптау, тазалау жұмыстары жүргізілді. Қоршаған ортаны қорғау әр адамның міндеті және оны қорғауға ат салысайық!
Жалпы аталған шараға 30 көшет отырғызылып, 40 оқушы, 20 ата-ана , 22 мұғалім , 5 ардагер ұстаздарымыз қатысты.