10
декабрь
2024
Ұлттық Тестілеу орталығы
2024 жылдың 9 желтоқсанында Қазақстан Республикасы "Ұлттық Тестілеу орталығы" Семей қаласындағы филиалының қызметкері Дильназ Алмасқызы11сынып оқушыларымен кездесу өткізді.Кездесу барысында Ұлттық Бірыңғай Тестілеу - 2025 ерекшеліктері, ҰБТ мерзімі, ҰБТ - ға өтініш беру, тестілеуге кіргізу барысы, ҰБТ - да тыйым салынған заттар, ҰБТ форматы, тестілеудің уақыты мен үзілістер, апелляцияға өтініш беру, білім беру гранты конкурсы бойынша, конкурсқа қатысу немесе ақылы оқуға қабылдау үшін шекті балл,ҰБТ балдарына ауыстырылатын тест сертификаттары, ҰБТ бейіндік пәндер комбинациялары, конкурс барысындағы квоталар тізімі, байқау сынағы, ҰБТ - ға дайындалу үшін тегін онлайн сабақтар жайында оқушыларға ақпарат берілді.

