22
октябрь
2025
«Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» ұлттық бағдарламасын сәтті аяқтап, сертификат иегері атанды.


⭐ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!⭐
"№48 жалпы орта білім беретін мектеп" ұстазы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, педагог-сарапшы Алпысова Меруерт Ерлановна ҚР білім саласындағы жаңа буын басқарушыларын қалыптастыруға бағытталған Республикалық кадр резерві – «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» ұлттық бағдарламасын сәтті аяқтап, сертификат иегері атанды.
Бұл бағдарлама – болашақ мектеп директорлары мен білім беру көшбасшыларының басқарушылық қабілетін дамытып, стратегиялық ойлау мен заманауи менеджмент дағдыларын жетілдіруге арналған.
Ұжымымыздың мақтанышы – кәсіби шыңдалуға ұмтылған әріптесіміздің жетістігі!
Ізденіс пен табыс жолыңыз әрқашан жемісті болсын!