Қаржылық сауаттылық бойынша 8 сыныптар
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру аясында 12–15 жас аралығындағы оқушыларға арналған қаржылық сауаттылық бойынша 16 оқу бейне сабағын әзірледі. Бейне сабақтарда жеке бюджетті басқару, банктік картаны пайдалану, онлайн шығындардың қауіпсіздігі, қаржылық қателіктердің алдын алу, жинақтау, инвестициялау негіздері және қаржылық алаяқтықтан қорғану мәселелері қамтылған.