30.01.25ж Мектебімізде 7-11 сынып оқушыларына «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорының өкілі Нұртай Бекзат Қанатұлымен кездесу өтті. Даналық пен даралық, арұят пен махаббат, құндылық сияқты адам өмірінің мәнін айқындайтын ең маңызды ұғымдарды насихаттады. Бұл үш ұғым – арұят, құндылық және махаббат – бір-бірімен тығыз байланысты. Ары таза, құндылықтарын жоғалтпаған, махаббатқа толы адам нағыз кемел жан деп есептеледі.