03
ноябрь
2023
«Lesson Study» – мұғалімнің үздіксіз кәсіби дамуы ретінде» коучинг-сабақ өткізілді
Мектептің әдістемелік жоспарына сәйкес 01.11.2023 жылы «Lesson Study» – мұғалімнің үздіксіз кәсіби дамуы ретінде» коучинг-сабақ өткізілді. Мақсаты: "Lesson Study" әдісін ұсыну арқылы зерттеу сабағын өткізуге әдістемелік көмек көрсету, тәжірибені жетілдіру, оқу сапасын арттыру құралы ретінде "Lesson Study" әдісінің тиімділігін талдау. Директордың ҒӘІЖО Алпысова М.Е пән мұғалімдерімен бірлесе отырып зерттеу сабақтарының ерекшеліктерін қарастырып, практикалық тапсырмаларды орындады. Тапсырмаларды «Wooclap», «Padlet» интерактивті платформаларында орындап, әртүрлі белсенді әдіс – тәсілдер арқылы талдады. Коучинг соңында тиімді кері байланыс жасалып, мұғалімдер өз ұсыныстарын айтты.
