03.10.2024 ж кәсіби бағдар беру мақсатында Семей медицина университеті ( SMU) мамандары 11 сынып оқушылармен кездесіп келесі мәселелерді түсіндірді: “Семей медицина университеті” КеАҚ талапкерлері үшін оқуға түсу ережелері, оқу шарттары, Medical Foundation негіздері, психометриялық емтиханның маңыздылығы, шартты-ақылы топтар, ақылы оқудағы төлем мөлшері туралы түсіндірді. Білім алушылардың сұрақтарына толық жауаптар беріп, ақпараттық брошюралар таратты.