Мектебімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында
Мектебімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 11–сынып оқушыларына арналған «БІЛІМ – МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА АЙҚЫНДАЛҒАН БАСЫМДЫҚТАР» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сабақ барысында оқушылар Қазақстан Республикасының Конституциясының маңызы, заңның қоғамдағы рөлі туралы түсінік алып, құқықтық сауаттылықтарын арттырды.