18
июнь
2026
Мектебіміздің түлектері Есенгужинова Арайлым, Далелова Әмина «Алтын белгі» иегері атанды.


📍 Семей қаласындағы Бейбітшілік аралында оқу жылын табысты аяқтаған түлектерге арналған салтанатты шара өтті. Жиынға Абай облысының әкімі Берік Уәли қатысып, мектеп бітіруші жастарды құттықтады.
📚 Биыл өңірде 6065 оқушы мектеп тәмамдаса, олардың 432-сі «Алтын белгі» иегері атанды. 🌟 Дарынды жастарды қолдау мақсатында 200 түлекке облыс әкімінің гранты табысталды.
Мектебіміздің түлектері Есенгужинова Арайлым, Далелова Әмина «Алтын белгі» иегері атанды.
Берік Уәли өз сөзінде:
«Алтын белгі» иегерлері – туған өлкеміздің мақтанышы. Бұл жетістік шәкірттердің, ұстаздардың және ата-аналардың ортақ еңбегінің жемісі. Жастардың білім мен технологияны меңгеріп, ел дамуына үлес қосатынына сенеміз», – деді.