Іс-шаралар » Страница 9 » Средняя общеобразовательная школа № 48
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы бойынша білім бөлімінің
«№48 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(722) 231-92-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 231-92-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
Семинар «Тәуекел тобындағы оқушылармен жұмыс»
29
март
2024
Семинар «Тәуекел тобындағы оқушылармен жұмыс»
29.03.24ж Білім бөлімі бекіткен жоспарына сәйкес «Тәуекел тобындағы оқушылармен жұмыс»  атты қалалық семинарды біздің № 48 мектеппен №21 мектеп бірлесіп өткізді.  Мақсаты: “Тәуекел тобы” оқушыларының шығу себептерін болжау, алдын-алу және болдырмау. Олардың әлеуметтік санасын қалыптастыру. Семинар бағдарламасында мектебіміздің  психологы Сатиева Е.А. № 21 мектеп психологтарымен бірлесе сәлемдесу, көңіл-күй жаттығуын және де тимбилдинг ойының келген қонақтарға ойнатты.
«Армысың, Әз Наурыз»
21
март
2024
«Армысың, Әз Наурыз»
«№48 жалпы орта білім беретін мектебінде»  ұлтымыздың  мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын «Армысың, Әз Наурыз»  мерекелік іс шара болып, өз деңгейінде өтті.     Іс шараның мақсаты : оқушыларға Наурыз жыл басы, ұлт мерекесі екендігін түсіндіру, Наурыз мерекесі қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесін ұлттық салт дәстүрін, тілін, дінін, әдет ғұрпын сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу болды.
Ұлттық спорт күні
20
март
2024
Ұлттық спорт күні
Бүгін Наурызнама онкүндігінің жетінші күні. Бұл күні Ұлттық спорт күні деп жарияланған.
17 наурыз "Шаңырақ" күні
17
март
2024
17 наурыз "Шаңырақ" күні
17 наурыз "Шаңырақ" күні болып белгіленді. Мақсаты: Отбасымыздағы құндылықтарды дәріптеп, өнегелі ұрпақ тәрбиелеу.
“Семей құрылыс колледжі” КМҚК өкілдері келді
13
март
2024
“Семей құрылыс колледжі” КМҚК өкілдері келді
2024 жылдың 13 наурыз күні “Семей құрылыс колледжі” КМҚК өкілдері келіп, 9 “А” сыныбына сабақ өткізді. Сабақ барысында оқу орны туралы ақпарат беріліп, құрылыс материалдарымен таныстырып, “қалақша” жасау техникасын үйретті.
Қ.Р. ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының өкілдерімен кездесу
13
март
2024
Қ.Р. ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының
2024 жылдың 13 наурыз күні 10-сынып оқушылары Қ.Р. ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының өкілдерімен кездесуге барды.  Кездесу барысында оқу орны жайлы бейнеролик көрсетіліп, білім беру бағдарламаларымен таныстырып, оқуға қабылдау талаптары туралы мағлұматтар берілді.
Сейсможаттығу өткізілді
12
март
2024
Сейсможаттығу өткізілді
Мектебімізде 12.03.24ж сағат 10:00 де жер сілкінісі болуы мүмкін әрекеттер мен ережелер бойынша нұсқамалар берілді, сейсможаттығу өткізілді.
“Ахметтің аманаты” спектакльіне мектебіміздің 7-10 сынып оқушыларына “Театр күні” ұйымдастырылды.
11
март
2024
“Ахметтің аманаты” спектакльіне мектебіміздің 7-10 сынып оқушыларына
11 наурызда Семей қаласының Абай атындағы мемлекеттік қазақ музыкалық драма театры ұйымдастырған “Ахметтің аманаты” спектакльіне мектебіміздің 7-10 сынып оқушыларына “Театр күні” ұйымдастырылды.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!
07
март
2024
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!
Қымбатты ханымдар! 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз! Бақыт пен жақсылық, байлық пен сәттілік, көктемгі  көңіл-күй мен шат күлкі тілейміз! Бар тілектеріңіз бен армандарыңыз орындалсын!
“Ана” челленджі
01
март
2024
“Ана” челленджі
Әлеуметтік желілерде желдей ескен “Ана” челленджін “№ 48 жалпы орта білім беретін мектебінің” нұсқасында қабыл алыңыздар! @semey_bilim_bolimi @bilim_bolimi_semey #біртұтастәрбиесемей