"Тіл-татулықтың тірегі" "Қазақшаң қалай балақай?! " іс-шарасы
Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру мақсатында шағын орталық "Балдырған" тобында "Тіл-татулықтың тірегі" "Қазақшаң қалай балақай?! " іс-шарасы өтті. Мақсаты: Балаларға қазақ тілінің – ұлттың рухани байлығы, татулық пен бірліктің тірегі екенін түсіндіру. Ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттырып, қазақ тілінде дұрыс сөйлеуге, өз ойын еркін жеткізуге баулу. Балаларды достыққа, бір-бірін сыйлауға, ынтымақ пен бірлікке тәрбиелеу. Ұлттық құндылыққа негізделген ойындар ұйымдастырылды.