Құрметті ата-аналар және қоғам өкілдері! » Средняя общеобразовательная школа № 48
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы бойынша білім бөлімінің
«№48 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(722) 231-92-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 231-92-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Құрметті ата-аналар және қоғам өкілдері!
02
сентябрь
2026

Құрметті ата-аналар және қоғам өкілдері!

Құрметті ата-аналар және қоғам өкілдері!


«№48 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 2026–2027 оқу жылына арналған Қамқоршылық кеңес құрамына жаңа мүшелерді қабылдау басталғанын хабарлайды.

Егер сіз мектеп өміріне белсене араласып, балаларымыздың сапалы білім алуына, қауіпсіз әрі қолайлы ортада тәрбиеленуіне және мектебіміздің дамуына өз үлесіңізді қосқыңыз келсе, Қамқоршылық кеңес мүшелігіне кандидат ретінде өтінім бере аласыз.

Қамқоршылық кеңестің негізгі мақсаты: мектеп пен қоғам арасындағы ынтымақтастықты нығайту, білім алушылар үшін қолайлы жағдай жасауға ықпал ету, оқу-тәрбие процесін жетілдіруге бағытталған бастамаларды қолдау және мектептің дамуына атсалысу.

Қамқоршылық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады:

мектеп өміріне белсенді араласуға ниетті ата-аналар;

қоғам өкілдері;

мектептің дамуына қолдау көрсетуге ниетті азаматтар мен демеушілер.

Қажетті құжаттар:

Қамқоршылық кеңес мүшелігіне кандидат ретінде қатысу туралы өтініш;

Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

Кандидат туралы қысқаша мәлімет (түйіндеме).

📅 Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 3–16 қыркүйек аралығы.


ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫН САЙЛАУ БОЙЫНША АШЫҚ ЖИНАЛЫС

📅 18 қыркүйек 2026 жыл

🕕 Сағат 18:00

📍 Өтетін орны: «№48 ЖОББМ» КММ

Жиналыс барысында Қамқоршылық кеңестің негізгі мақсаттары мен міндеттері таныстырылып, кандидаттар қаралады және кеңестің жаңа мүшелері дауыс беру арқылы сайланады.

Мектебіміздің дамуына бейжай қарамайтын барша ата-аналар мен қоғам өкілдерін ашық жиналысқа белсенді қатысуға шақырамыз!

📞 Байланыс телефоны: 8 (7222) 31-92-82

✉️ Электрондық пошта: orta_mektep_48@mail.ru  


«№48 ЖОББМ» КММ әкімшілігі

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив